біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

ON1Негізгі экономикалық пәндер, микро- және макроэкономика теориялары, кәсіпкерлік қызметтің негіздері туралы білімдерін көрсетеді, кәсіпорындар мен ұйымдардың бизнес-жоспарларын жасайды, тауарлар мен банктік қызметтерді құру және жылжыту мақсатында нарықтық зерттеулер жүргізеді, ұйымдастыруда және басқаруда заманауи әдістер мен құралдарды қолданады, кәсіпорынды тіркеу үшін құжаттар пакетін әзірлейді; кәсіпорындардың қаржылық және банктік қызметін талдау үшін негізгі математикалық және эконометрикалық есептеулер аппараттарын қолданады, өндіріс технологиясының, цифрлық технологияның ерекшеліктерін біледі
ON2Шаруашылық субъектілердің, сақтандыру компанияларының, екінші деңгейлі банктердің, қаржы нарықтарының, бағалы қағаздар нарығының стратегиясы мен тактикасын әзірлейді; жергілікті бюджеттердің жобаларын жасайды, кәсіпорындардың бизнес-жоспарларын дайындайды, бюджеттің кірістерін әзірлейді және бөледі, инвестициялық жобаларды іске асыруды сүйемелдейді, валюталық операцияларды орындайды; іс жүзінде қаржылық, банктік басқарудың, маркетингтік зерттеулердің, қаржылық бақылау мен аудиттің маңызды құралдарын қолданады, кәсіпорындар мен банктік қызметтің қаржылық жағдайын, ақша мен несие ағымдарын, салықтарды, бағаларды талдайды, құнды қағаздар мен сақтандыру нарығында кәсіби қызметті жүзеге асырады
ON3Кәсіпорындардың (фирмалардың) қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу, олардың іскери қызметін басқару үшін қазіргі заманғы цифрлық технологияларды, цифрлық құрылғыларды, байланыс қосымшаларын және желілерді қолданады, бизнес-жоспардың деректер көздерінің сенімділігін бағалайды; деректерді, ақпаратты және сандық ақпаратты басқарады, инновацияны дайындау үшін цифрлы банкингтің құралдарын қолданады; қаржылық талдау мен банктік талдауды жүргізу үшін математикалық және эконометриялық модельдерді қолданады
ON4Іс жүзінде кәсіпорындардың қаржысын басқарудың негізгі принциптерін қолданады, халықаралық қаржы, мемлекеттік және жергілікті қаржы, несие, банктік қызмет, баға, өндіріс технологиясының сақталуын бақылайды; қаржылық, банктік менеджменттің, цифрлық банкингтің, қаржылық бақылау мен аудиттің маңызды құралдарын басқарады; қаржы және банктік қызметтердің маркетингтік зерттеулерін жүргізеді, бюджеттің кассалық орындалуын жүзеге асырады, салықтар мен алымдарды жинауды ұйымдастырады, цифрлық технологияларды қолдану арқылы қабылданған инвестициялық шешімдердің тиімділігін анықтайды, математикалық және эконометриялық модельдеуді қолдана отырып, қаржылық талдау мен банктік талдау жүргізеді
ON5Экономикалық теорияның негіздері, макро- және микроэкономика, кәсіпорындардың (фирмалардың) экономикасы, олардың кәсіпкерлік қызметі, кәсіпорынның бизнес-жоспарын есептеу әдістері, жоғары тиімді жаңа тамақ технологияларының іргелі қағидалары туралы білімдерін қолданады;. бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп, ақша айналымы және реттеу, салық салу, баға белгілеу әдістерін қолданады; мемлекеттік бюджет көрсеткіштерін болжау тәсілдерін қолданады, бағалы қағаздар мен сақтандыру нарығында кәсіби қызметті жүзеге асырады және инвестициялардың тиімділігін анықтайды; ұйымның қаржылық және банктік қызметін талдау үшін математикалық модельдерді, негізгі эконометриялық есептеулер, статистикалық ақпараттарды, цифрлық технологияларды қолданады
ON6 Банктердің экономикадағы қаржылық делдал ретіндегі табиғатын, функциялары мен рөлін, ақша-несиелік реттеу және айналым заңдарын анықтайды, негізгі банктік және валюталық операцияларды жүзеге асырады, бағалы қағаздармен операциялар жүргізеді, бюджеттің кассалық орындалуын жүзеге асырады, салықтар, алымдар жинауды және қазынашылық вексельдерді шығаруды ұйымдастырады; кәсіпорынның баға саясаты мен стратегиясын әзірлейді, қаржылық және банктік қызметтерге маркетингтік зерттеулер жүргізеді; цифрлық технологияларды қолдана отырып, банктерде статистикалық, қаржылық есеп жүргізу әдістерін қолданады, математикалық және эконометриялық модельдеуді пайдала отырып, қаржылық талдау және банк қызметіне талдау жүргізеді
ON7Экономикалық теория, макро және микроэкономика заңдарын, кәсіпорындардың (фирмалардың) экономикалық даму заңдарын, олардың кәсіпкерлік қызметін, бизнес-жоспарларды есептеу заңдылықтарын қолданады, кәсіпорынның, қаржы нарықтарының, сақтандыру ұйымдарының, коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын бағалау үшін есептеулер жүргізеді, инвестициялық жобалардың, құнды қағаздар портфелінің тиімділігін бағалайды. Тауарлар мен қызметтердің бағалық деңгейін қалыптастыру тетіктері, өнімді өндіру технологиясы, басқару шешімдерін негіздейтін модельдер мен схемалар, қаржылық басқарудың, қаржылық бақылаудың маңызды құралдарын анықтайды; мемлекеттік бюджет, ақша қатынастары, мемлекеттік, жергілікті, халықаралық қаржыны басқару, қаржы нарықтары мен делдалдар сияқты орталықтандырылған қаржыларға салық салудың негізгі элементтерін қалыптастырады
ON8 ҚРсының бухгалтерлік есеп, халықаралық, корпоративті қаржы, салық салу, баға, бюджет жүйесі саласындағы заңнамасының, экономика негіздерін, кәсіпорындардың (фирмалардың) экономикасын, ХҚЕС сәйкес заманауи қаржылық есеп жүргізудің негізгі қағидаларын, бизнесті дамытудың жалпы қабылданған ережелерін, кәсіпорынның бизнес жоспарын дайындау ережелерін түсіндіреді; қаржылық менеджмент, қаржылық бақылау, кәсіпкерлік қызметті заңнамалық реттеу, ақша ағындарын қалыптастыру процестерін қолданады; банктік менеджмент және банктік маркетинг заңдарына ие, бағалы қағаздар мен сақтандыру нарығында кәсіби қызметті жүзеге асырады, кәсіпорынның қаржылық қызметінің жай-күйін, математикалық және эконометриялық әдістер мен модельдерге, сандық технологияларға негізделген банктік қызметке талдау жасайды, инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асырады.
ON9Іс жүзінде экономикалық теорияның, макро- және микроэкономиканың, кәсіпорындар экономикасының (фирмалардың) және кәсіпкерлік қызметтің негізгі заңдарын, кәсіпорынның бизнес-жоспарын, ХҚЕС сәйкес қаржылық және банктік статистика, цифрлық банкинг, бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп, банктердегі қаржылық есеп-қисап құралдарын қолданады; қаржы-банктік жүйенің, қаржы нарығының, ақша-несиелік реттеудің, қаржылық менеджменттің, қаржылық бақылау мен аудиттің, қаржылық маркетингтің, салық салудың, сақтандырудың, баға белгілеудің, өндірістік технологияның негізгі қағидаларын қолданады
ON10 Сақтандыру, банк саласындағы бюджеттік, салықтық, валюталық қатынастарды реттейтін ережелерді қолданады; клиенттер үшін есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді, ұлттық және шетелдік валютадағы төлемдердің әр түрін қолданумен қолма-қол ақшасыз төлемдерді, банкаралық есеп айырысулар және экспорт-импорт операциялары бойынша халықаралық төлемдерді іске асырады; банктерде қаржылық есеп жүргізеді, қаржылық және банктік статистикаға сүйене отырып, коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау мен бағалаудың заманауи әдістерін қолданады, цифрлық технологияларды, математикалық, эконометриялық модельдеу әдістерін қолдана отырып, қолданбалы есептерді шешеді

Қаржы

6B04106

Экономика және бизнес

Математика

География

50 (Каз.) 50 (Орыс.)