Эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін орындауға және ресімдеуге қабілетті органикалық заттардың озық химиялық технологиялары саласында құзыреті жоғары білікті химик-технологтарды дайындау, оқылатын салада әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру үшін тәжірибе жинақтау.
Органикалық заттардың химиялық технологиясы
7M07131
Тағам технологиялары
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Психологияның теориялық және әдіснамалық негіздері. Практикалық адамтану саласында өзін-өзі жетілдіру; шығармашылық ойлауға, ұжымды басқаруға қабілетті жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мәселелері. Білім берудің заманауи теориялары мен тұжырымдамалары, жастардың жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту мәселелеріне тұрақты қызығушылығын қалыптастыру, өз ұстанымын қалыптастыру. Психикалық процестері, күйі және қасиеттері.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Менеджментті ғылым мен кәсіп ретінде дамытудың негізгі кезеңдері, даму принциптері және ұйымның жұмыс істеу заңдылықтары. Ұйымдастыру жоспарлаудың түрлері мен әдістері, ұйымдық құрылымдардың түрлері, олардың негізгі параметрлері және оларды жобалау принциптері.Кәсіпорын өзара байланысты элементтер жүйесі ретінде. Басқару проблемаларын шешу үшін мотивацияның, көшбасшылық пен биліктің негізгі теориясы. Ұйымдағы байланыс процестері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиялық процестерінің теориясы мен тәжірибесінің қазіргі мәселелері. Көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеудің термокаталитикалық процестерінің химиялық-технологиялық негіздері. Әлемдік стандарттарға сәйкес өнімдердің сапасы мен әртүрлілігін тұтыну нарығын қанағаттандыруға бағытталған мұнай өңдеу мен мұнай химиясының инновациялық қалдықсыз және экологиялық қауіпсіз технологиялары.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Шет тіліндегі ғылыми мақаланың құрылымы мен стилистикалық ерекшеліктері. Мамандық бойынша дыбысталған шет тілдік сөйлеуден алынған ақпаратты түсіндіру. Мамандық бойынша ғылыми-техникалық бейіндегі мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ немесе орыс тіліне аудару. Мамандық бойынша қазақ немесе орыс мәтінінің мазмұнын ағылшын тілінде беру (ауызша рефераттау). Шет тіліндегі конференцияларда ғылыми мақалалар жазу және ғылыми баяндамалармен сөз сөйлеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Биологиялық белсенді заттарды тазарту технологиясы, бөлу және зерттеу саласындағы қазіргі жетістіктері. Биологиялық белсенді заттарды өндірудегі микроорганизмдердің рөлі, биосинтез және биотрансформация процестері. Липидтер, ферменттер, нуклеин қышқылдары мен витаминдер өндірісінің химия-технологиялық негіздері. Биологиялық белсенді заттардың технологиялық синтезінің спецификалық қасиеттері мен ерекшеліктері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Өнеркәсіптің және АӨК түрлі салаларының өнімдерін қалдықсыз өндіруді экологиялық жобалау. Экологиялық жобалаудың әдістемелік ережелері мен принциптері, қоршаған орта сапасының нормативтері, рұқсат етілген әсер ету, табиғи ресурстарды пайдалану, санитарлық және қорғау аймақтарын нормалау, экологиялық жобалау кезінде инженерлік-экологиялық ізденістер.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Лак-бояу өнеркәсібінің қазіргі проблемалары мен даму перспективалары. Лак-бояу материалдарын алу және жағу технологиясы. Лак-бояу жабындарының сапасын арттыру жолдары. Пигменттер, толтырғыштар негізгі қасиеттері және алынуы. Функционалдық қоспалар. Лак-бояу технологиясында наноөлшемді объектілерді пайдалану перспективалары. Лак-бояу материалдарын өндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ерекшеліктері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мұнай және мұнай өнімдерін зерттеудің бірыңғай қатаң регламенттелген әдістерін пайдалана отырып, бірыңғай біріздендірілген бағдарлама бойынша тауар өнімдерін алу үшін көмірсутек шикізатын талдау. Мұнай және мұнай өнімдерінің құрылымы мен қасиеттерін анықтаудың физикалық әдістері мен химиялық талдаудың заманауи әдістерінің ғылыми-теориялық негіздері. Оптикалық, электрохимиялық, хроматографиялық, спектрлік зерттеу әдістері. Мұнай өнімдерінің пайдалану қасиеттері және оларды анықтау әдістері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мұнай өңдеу саласы өнімдерінің сапасын бақылаудың заманауи әдістері мен құралдары. Химия өнімдерінің сапасын жалпыға бірдей басқару тұжырымдамасы және мұнай өнімдерінің сапасы саласындағы қазіргі заманғы заңнама. Дизель отынының, мотор және индустриялық майлардың, пластикалық майлардың сапасына қойылатын талаптар. Мұнай өнімдерін сынаудың заманауи әдістері. Мұнай өнімдерін талдау процесіне әсер ететін негізгі факторлар.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Бақылау және өлшеу аспаптары, автоматтандыру құралдары, мұнай-химия өндірісінің технологиялық процестерін бақылау мен реттеудің заманауи әдістері. Басқару объектісінің схемасы, объектінің ақпараттық схемасы, мұнай-химия өндірісінің негізгі процестерін автоматтандырудың типтік схемасы: араластыру, булану, кристалдану, сіңіру, кептіру және ректификация. Ортадан тепкіш сорғыларды, поршеньді компрессорларды, бу-сұйықтық жылу алмастырғыштардың қаптама-түтіктерін автоматтандыру; жылу балансы және кристалдану кинетикасы, кептіру кинетикасы; ректификация колоннасының схемалары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мұнай-химия өндірісінің қалдықтарынан битумдарды өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін антисептикалық, коррозияға қарсы, судан қорғайтын және байланыстырушы қасиеттері бар материалдарға өңдеудің қазіргі заманғы технологиялары. Тұрақты көрсеткіштері бар сапалы өнімді өндіруге мүмкіндік беретін энергия шығынын төмендету, экологиялық қауіпсіздікті және технологиялық икемділікті арттыру бағытындағы технологияны жетілдіру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Экологиялық менеджмент және аудит қоршаған ортаны бақылау және тиімді басқару жүйесі ретінде. ISO 14000 және OHSAS 18000 халықаралық стандарттарына сәйкес экологиялық менеджмент. Экологиялық қаупсіздік саласындағы қазіргі стратегиялар мен басқару құрылымдарын талдау. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын жобалық құжаттамаға қойылатын табиғат қорғау талаптары. Ұйымды экологиялық бағдарланған басқарудың стандарттары мен құралдары. Мұнай-химия өндірісіндегі экологиялық менеджменттің экономикалық аспектілері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Органикалық синтездің технологиялық процестерінің ғылыми-теориялық негіздері.Табиғи көмірсутектер өнеркәсіп саласының маңызды өнімдерінің синтезіне арналған шикізат көзі ретінде. Негізгі және жұқа органикалық синтез өнімдерінің химиялық технологиясын дамыту саласындағы қазіргі заманғы үрдістер: полимерлі талшықтар түзетін, пленка түзетін және байланыстырушы материалдар, бояғыштар, фармацевтикалық препараттар, БиоБЗ және ББЗ.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Антибактериалды және оттан қорғайтын қасиеттері бар полифункционалды полимерлер, оларды қолдану және тамақ, жеңіл және фармацевтикалық өнеркәсіпте пайдалану перспективасы. Өсімдік тектес полимерлердің синтезі мен айналуының негізгі заңдылықтары. Полимерлік материалдардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу, негізгі полимерлерді алудың технологиялық сұлбалары, олардың негізінде әртүрлі жабындарды алу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Химиялық талдаудың қазіргі заманғы әдістерінің және полимерлердің құрылымын белгілеудің физикалық әдістерінің ғылыми-теориялық негіздері, Өнеркәсіптік объектілерден бөлінген заттарды идентификациялау әдістері. Полимерлерді зерттеудің оптикалық, электрохимиялық, хроматографиялық және спектрлік әдістері. Полимерлердің пайдалану қасиеттері және оларды анықтау әдістері. Полимерлердің деформациялық, релаксациялық және реологиялық қасиеттері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Полимерлерді өндіру мен өңдеуді кешенді автоматтандыру. Химиялық-технологиялық процестерді автоматты басқару негіздері, технологиялық параметрлерді автоматты бақылау және полимерлерді өндіруде және өңдеуде негізгі процестерді автоматтандыру принциптері. Полимерлік өндірістің технологиялық жабдықтарын өндіруді, пайдалануды, қызмет көрсетуді және автоматты басқаруды ұйымдастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Полимерлерді өндіру мен өңдеудің химиялық өнімдерінің сапасын бақылаудың заманауи әдістері мен құралдары. Полимерлік материалдардың сапасын басқаруды бақылау құралдары мен әдістері. Химиялық өнімдерді стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдар. Тұтынушыға бағдарлану, үдерістік және жүйелік тәсілдер. Сапа экономикасының негіздері. Полимерлік материалдар өндірісінің кәсіпорындарындағы сапа менеджменті жүйесін әзірлеудің негізгі артықшылықтары, мақсаттары мен кезеңдері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Тұтынудың полимер қалдықтарын өңдеудің негізгі міндеттері мен артықшылықтары, оларды қолдану салалары. Қалдықтарды басқару саласындағы мониторинг бағдарламалары, қоршаған ортадағы полимер қалдықтарын бақылаудың физико-химиялық және аналитикалық әдістері. Полимер қалдықтарын кәдеге жаратудың экологиялық мәселелерін талдау, аймақтық және муниципалдық қалдықтарды басқару жүйелері. Полимер қалдықтарының пайда болу көздері бойынша жіктелуі: өндірістің технологиялық қалдықтары; өндірістік тұтыну қалдықтары және қоғамдық тұтыну қалдықтары. Резеңке, пластмасса және басқа полимерлі материалдардың полимерлі қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату технологиялары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Полимерлер мен полимерлік материалдарды: пластмассалар, эластомерлер, жабындар, гидрогельдер мен талшықтарды өндіру және қайта өңдеу технологиялық процестерінің теориясы мен тәжірибесінің қазіргі мәселелері. Экономиканың түрлі салаларында композициялық полимерлік материалдарды практикалық қолдану. Полифункционалды полимерлердің макромолекулярлық дизайнының негізгі принциптері. Полиэлектролиттердің, бейтарап макромолекулдардың және биополимерлердің интерполимерлік реакциялары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Нанатехнологияның іргелі негіздері. Наноқұрылымды жүйелердің синтезі. Көлемдік наноқұрылымдық жағдайға көшу кезінде материалдың физикалық сипаттамалары мен параметрлерінің өзгеруі. Молекулалық өздігінен жинау. Механохимиялық синтез. Наноматериалдарды алу әдістері: криохимиялық технология, аэрозольдердің пиролизі, критикалық кептіру, гидротермалды және золь-гель әдістері. Супрамолекулярлық және нанокомпозитті материалдар.
Тәжрибелік қорғау
Эксперименттік деректерді талдау және өңдеу әдістерін игеру. Ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып, магистрлік жоба тақырыбы бойынша эксперименттік жұмыстар жүргізу. Эксперименттік деректерді статистикалық өңдеу, олардың сенімділігі туралы қорытындылар, талдау. Практика бойынша есепті ресімдеу, өндірістік практика нәтижелерін жариялау және таныстыру.